Зейнетақы тарихы

Предлагаем ознакомится со статьей на тему: "Зейнетақы тарихы" от профессионалов с полным описанием проблематики. Если в процессе прочтения возникли вопросы, то вы всегда можете задать вопрос дежурному специалисту.

​Базалық зейнетақы деген не?

Бүгін сол туралы түсіндіргенді жөн көрдік.

21 мая 2018 3374

Бүгінде зейнетақы саласына қатысты шу көп. Содан болса керек, қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақы саласына қатысты ақпараттарды жиі іздей бастады. Бұл арқылы олар зейнетақы туралы толық ақпарат алғысы келеді. Көпшілік көкейіндегі көп сұрақтың бірі -базалық зейнетақы деген не? Бүгін сол туралы түсіндіргенді жөн көрдік.

Қазақстандағы зейнетақы үш деңгейге бөлінеді:

  • Базалық (мемлекеттік зейнетақылық төлем)
  • Міндетті (міндетті зейнетақы қорына жасалынатын аударымдар арқылы жинақталған арнайы жинақтау қорынан төленеді)
  • Ерікті

Базалық төлем — зейнетақы жасына жеткен азаматтарға мемлекет тарапынан төленетін міндетті әлеуметтік көмек. Ол еңбек өтілі мен ерікті зейнетақы қорына жасалған аударымдарға тәуелді емес.

Қазақстандағы базалық зейнетақы көлемі 15 274 теңгені құрайды. Ол ең төменгі күн көріс деңгейіне қарай есептелінеді.

Негізгі зейнетақы қорынан төлемдер алуға келесі тұлғалардың құқығы бар:

  1. Зейнет жасына жеткен азаматтар мен азаматшалар.
  2. Арнайы заңнамамен белгіленген қызмет өткеруге міндетті жылдары жұмыс жасаған тұлғалар.
  3. Зейнет жасына жеткен Қазақстандағы шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар.

Базалық зейнетақы тұлғаға арнайы зейнетақы жинақтау қорынан емес, мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Оны Қазақстанның Зейнетақы туралы заңнамасы реттейді.

Базалық зейнетақы еңбек өтілдігі минималды азаматтар мен максималды еңбек өтілділерге де бірдей соммада төленеді. Қазақстандықтарды 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік салада өзгерістер күтіп тұр.

2018 жылғы базалық зейнетақыны көтерілуі Қазақстандағы реформалар мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне тікелей байланысты. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі азаматтың еңбек өтілі мен жинақтау қорына қаржы аударған-аудармағанына да тәуелді болады. Жалпы, базалық зейнетақыны 2017 жылмен салыстырғанда 6%-ға ұлғайтпақшы.

Жоғарыда айтылғандай, 2018 жылға дейін базалық зейнетақы барлық азаматқа бірдей болды. Ал енді келесі өзгерістер енгізілмекші:

  1. Зейнетақының көлемі тек ең төменгі күнкөріс деңгейіне ғана емес, сондай-ақ еңбек өтілділігіне де тәуелді ету. Зейнетақы жарнасын 10 жыл төлегендер ең төменгі күнкөріс деңгейінің (28 850 теңге) 54% көлемінде төлем алады. Қалған әр жыл үшін 2% көлемінде қосылып отыратын болады. Сонымен, 20 жыл жұмыс жасаған жағдайда 74% көлемінде, 33 жыл және одан көп жұмыс жасаған жағдайда — бір ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі зейнетақыға қол жеткізеді.
  2. Еңбек өтілділігіне 1998 жылға дейінгі және кейінгі жұмыс жасаған уақыттар, 3 жылға дейінгі декрет, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күтім көрсету және т.б. заңнамада қарастырылған шарттар әсер етеді.
  3. Өзгерістер осыған дейін зейнетақы алып келген және зейнет жасына енді жеткен азаматтарды қамтитын болады.
  4. Зейнетақы жүйесінің реформасы әйелдер үшін әр жыл сайын зейнетке шығуын 6 айға шегеріп отырып, ерлермен теңестіруді де қарастырады.

Депутаттар реформаның оң жақтары көп екенін айтуда: әлеуметтік әділеттілікті қамтитын болады; қарттардың өмір сүру деңгейінің көтеріліуіне әкеледі; жастарды еңбек қызметіне итермелейді.

Источник: http://enpi.kz/fakty/-bazalyi-zeyneta-yi-degen-ne-

Қазақстандықтар зейнетақы туралы нені білулері тиіс?

Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлеу тәртібі өзгерді. Енді базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.

Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай есептеледі? Зейнетке кімдер ерте шығуға құқылы? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан материалынан таба аласыздар.

Зейнетақы неден құралады?

Зейнетақы төлемі үш деңгейден құралады:
• Базалық зейнетақы
• Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты)
• Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен)

Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін, яғни 15 274 теңге шамасында. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Енді оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы 6%-ға өсті.

Егер бүгінде барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артты.

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%, яғни 15 мың 274 теңге төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56% алатын болады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100% немесе 28 284 теңге төленеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда базалық зейнетақы алатын 2 млн 148 мың зейнеткер бар. Тоғыз жүз қырық мыңға тарта зейнеткерге базалық зейнетақы 100%, яғни 28 284 теңге төленеді. Тағы 43-44%-ы, яғни 931 мыңы 74%-тен 90%-ке дейін алады. Ал 120 мың зейнеткерге күнкөріс деңгейінің 54%-і, яғни 15 274 теңге төленеді.

Ынтымақты (еңбек) зейнетақы

Ынтымақты жүйеде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі есептеледі және ол еңбек өтілі мен жалақыға тәуелді болады. Егер еңбек өтілі болып, бірақ зейнетақы есептеу үшін табысы жеткілікті болмаса (жалақысы төмен болды), онда ең төменгі зейнетақы төленеді – 33 745 теңге.
Ынтымақты зейнетақы 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс өтілі бар азаматтарға жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысы негізінде есептеледі. Басқаша айтқанда, азаматтардың зейнетақы мөлшері оның қатарынан тұрған үш жылғы табысын есептеу арқылы, яғни 36 ай бойы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасы 36 айға бөлу арқылы есептелінеді.
Ынтымақты зейнетақының мөлшері орташа айлық табыстың 60%-ын құрайды.

Орташа айлық табыстың жоғарғы шегі 46 айлық есептік көрсеткішпен шектеледі. Бұл 2018 жылдағы жағдай бойынша – 110 мың 630 теңге.
Ынтымақты зейнетақыны толық алу үшін еңбек өтілі ерлерде 25 жылдан, ал әйелдерде 20 жылдан кем болмауы тиіс. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қажетті еңбек өтілінен артық жұмыс істеген адамға әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақы есептеу үшін ескерілетін табыстың 75%-дан аспауы керек.

Әр жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-ын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде тұрақты түрде аударып отыруы керек. Ақша жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық банк ҚР президенті жанындағы зейнетақы активтерін басқару кеңесімен бірлесіп жүзеге асырады. Бүгінде қорда міндетті зейнетақы жарнасы бойынша 9,6 миллионан астам шот ашылған. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша қорда 8 трлн теңгеден астам ақша жатыр.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса алмаған азаматтарға жасалатын жеңілдік

Белгілі бір себептермен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса алмаған азаматтарға жұмыссыз жүрген жылдар еңбек өтілі болып жазылады.

• Бала күтімімен үш жыл үйде отырып қалғандар, бірақ бұл уақыт 12 жылдан аспауы тиіс.

• І және ІІ мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек баласын, сондай-ақ, 80 жастан асқан қарияларды бағып отыратындар.

Читайте так же:  Налог на машину льготы

• Қызмет бабымен басқа бір жерге жіберілген әскери адамдардың жұбайлары. Егер оған сол жерде жұмыс табылмаса, онда жұмыссыз жүрген уақыт еңбек өтілі деп жазылады.

Зейнетке кімдер ерте шыға алады?

Қазіргі таңда зейнетке ерте шығатын бірнеше топ бар.

• 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған азаматтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста.

• бес немесе одан да көп баланы өмірге әкеліп, оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген аналар. Олар зейнетке 53 жасында шыға алады.

• зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда, ер азаматтар – 55 жасында, әйелдер – 50 жасында.

Зейнетақы қорындағы ақша қандай жағдайда толық көлемде төленеді?

1. Егер Қазақстан азаматы басқа елге қоныс аударып, сол мемлекеттің азаматтығын алса;

2. Азамат қайтыс болған жағдайда, отбасы мұрагер ретінде алты айдан кейін ақшаны алуға құқылы;

3. Зейнетақы аннуитеті арқылы. Ол үшін қорда жинақталған зейнетақы жарнасының сомасы аннуитетті сатып алуға жеткілікті болуы керек.
Аннуитет үшін ерлердің шотында – 9 млн, әйелдерде 13 млн теңге болуы керек.

Бүгінде зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас және алты ай. Алайда жыл сайын әйелдердің зейнет жасы артып отырады, өзгерістер 1960-1964 жылдар аралығында туған әйелдерді қамтиды.

Әйелдер үшін зейнет жасының кезең-кезеңмен артуы:

2018 жылдың 1 қаңтарынан — 58,5 жас;
2019 жылдың 1 қаңтарынан — 59 жас;
2020 жылдың 1 қаңтарынан — 59,5 жас;
2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жас;
2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас.

Источник: http://www.matritca.kz/news/55556-azastandytar-zeynetay-turaly-nen-bluler-tis.html

Зейнетақы тарихы

Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгеріс зейнеткерлерімізді қуантуда

Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгеріс зейнеткерлерімізді қуантуда

Алдағы уақытта зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер зейнеткерлерді қуантуда. Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәлімдесінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбектік) 8 пайызға, базалық зейнетақы басқа да жәрдемақы түрлері сияқты 6 пайызға өседі деп хабарланған.

Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдісі өзгереді. Мәселен, бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына бірдей беріліп келсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінеді.

Светлана Жақыпованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі де, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі де еңбек өтілі есепке алынады.

«Мысал үшін, егер азамат келер жылы зейнеткерлікке шығады делік. Оның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі 20 жыл болып, 15 жыл бойы зейнетақы жинақтау қорына үзіліссіз зейнетақы жарнасын төлеп келді. Осылайша, оның жиынтық еңбек өтілі 35 жылға тең болады. Жаңа жүйе әдісіне сай, егер еңбек өтілі 10 жылдан кем болған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54% тағайындалады. Бұл сома келер жылы – 15274 теңге.

Еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2 пайыз үстеме қосылады. Егер жоғарыдағы мысалда келтірілгендей, жалпы еңбек өтілі 35 жыл болатын болса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100 пайыз көлемінде, егер еңбек өтілі 20 жыл болатын болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74 пайыз көлемінде тағайындалады», — деді вице-министр.

Дәл қазір Қазақстанда базалық зейнетақы алатын 2 млн 139 мың адам бар. Олардың 44,1 пайызы базалық зейнетақысы екі есеге көтерілетін болады. Бұл дегеніңіз, бүгінде зейнеркерлер 14 466 мың теңге алатын болса, 1 шілдеден – 28 274 теңге зейнетақы алады.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнгі мөлшер – 24 459 теңге. Құрылымның өзгеруі оның мөлшерін 16 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Вице-министрдің айтуынша, барлық уақытта жинақталған зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2% артығымен төленіп отырады.

Источник: http://alashainasy.kz/tuit/zeynetakyi-juyesne-engzletn-ozgers-zeynetkerlermzd-kuantuda-102319/

2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне енетін жаңалықтарға шолу

Дәл қазір елімізде базалық зейнетақы алатын 2 млн 139 мың адам бар / abctv.kz сайтынан алынды

Қарттардың зейнетақысы өскенімен, әйелдердің зейнет жасы ұзарды. Енді зейнетке де ерте шығуға болады. Қалай және қандай жағдайда?

Бүгінде адамдардың бірі базардан, енді бірі құрылыс жағалап нәпақасын айырады. Кеңседе отырып, бір жалақыға күн көріп жүргендер де бар. Бұлардың барлығының басын ертеңгі зейнетақы мәселесі біріктіреді.

Енді «еңбегіне қарай өнбегі» деген принципке негізделген зейнетақы жүйесі ене бастады. Сондықтан ертең зейнетақы алғыңыз келсе, келісім шарты бар, еңбек өтілі ескерілетін, жарна аударылатын жұмыс іздеуге тырысыңыз.

Осы уақытқа дейін ерлер 63-ке толғанда, әйелдер 58 жасында зейнетке шығып жүрсе, енді аналарымыздың зейнет жасы жаңа жылдан бастап жыл сайын алты айға ұзарып отыратын болды. Сөйтіп 2027 жылы ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы теңеседі.

«Бұл қалай жүзеге асады? Қандай жағдайда зейнет демалысына ертерек шыға аламыз? Жинақталған жарна баламызға мұрагерлікпен қала ма? Жалпы қандай өзгерістер бар?» деген көкейдегі сұрақтарыңызға толығырақ жауап берсек. Әуелі зейнетақының үш деңгейін түсініп алайық.

Еңбек етпей елге өкпелеме.

Бүгінге дейін еңбек өтілі мен табысы болмаған күннің өзінде зейнет жасына жеткендерге 14 466 мың теңгеден беріліп келді. Міне, бұл біріншісі – базалық деңгейдегі зейнетақы.

Ал, ынтымақты зейнетақы дегеніміз не? 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн әйелдерде 20, ер адамдарда 25 жыл еңбек өтiлi болуы керек. Себебі, осы жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Осы қорға жалақының 10 пайызы міндетті түрде аударылып отыр. Бұл – зейнетақы жарнасы. Осы деңгей ынтымақты деп аталады. Кемінде алты ай еңбек өтілі бар болса, республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы бөлінеді.

Үшінші деңгейдегісі – ерікті зейнетақы. Аты айтып тұрғандай, мұнда зейнетақы әркімнің өз еркімен жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын аударып отырған төлеміне байланысты. Арнайы шот ашып, ақшаңызды құйып отыруыңызға әбден болады.

Қауқар кететін күнге қам жасауына «дем берді»

Осыған дейін барлық адамға базалық зейнетақы тағайындалып келген болатын. 40 жыл еңбек өтілі болса да мөлшері бәріне бірдей еді.

– 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептелетін болады. Жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасы ескеріледі. 1998 жылдың қаңтарына дейінгі де, кейінгі де еңбек өтілі есепке алынып, алты пайызға өседі, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басқарма басшысы Маржан Жолымбетова. – Жаңа жүйе әдісіне сай, егер еңбек өтілі 10 жылдан кем не мүлдем болмаған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады.

Сонда төменгі күнкөріс деңгейі қанша деген заңды сұрақ туындайды. Бүгінгі күнгі бұл мөлшер 24 459 теңге болса, 2018-ден бастап 28 284 теңге болады. Бұл жердегі 28 284 теңгенің 46% 15 273 теңге болып шығады. Еңбек өтіліңіз болмаса да, осы қаражатты алады екенсіз.

– Еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74%, ал 30 жылға 94 пайызы көлемінде тағайындалады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде беріледі, – деп Маржан Жолымбетова егжей-тегжейін айтып берді. – Яғни, адам неғұрлым көп жұмыс істеген сайын оның жинақтаушы және бюджеттік қаражат есебінен төленетін базалық зейнетақысы да көбірек болады.

Читайте так же:  Расписка об отсутствии претензий образец, бланк

Осы тұстағы 35 жылдық еңбек өтілін түсіндіре кетсек

Мысалы, 2013 жылы әйел адам зейнетке шықты делік. Оның жалпы еңбек өтілі 35 жыл болса, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесінде еңбек өтілінің 20 жылы ғана есептелетін еді. Қалған 15 жылға зейнетақы жинақтау қорына аударылған зейнетақы жарнасы қосылатын. Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 35 жылдық еңбек өтілі толықтай саналады.

Бұл тұстағы зейнетақы жарнасы еңбек өтілін айғақтап бере алады деген сөз. 1998 жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысы бар жарналарды аударған жылдары есепке алынады. Жинақталған жарнаға инфляция салдарын азайту үшін зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2% артығымен төленіп отырады. Мұның бәрін нақты мына сілтемеден толық таныса аласыздар.

Міндетті зейнетақы жарнасын жұмыс берушілер аудармаса ше?

Есепшотыңыз туралы анық-қанығын білу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз.

Жұмыс беруші тарапынан жарнаны аудармағаны туралы растайтын құжатыңыз болса, Мемлекеттік кірістер департаментіне арыз жаза аласыз.

2027 жылдан бастап әйелдер зейнетке 63 жасында шығады

Әйелдердің зейнеткерлік жасын өсіру мәселесі бір қайнауы ішінде болған соң, кейінге шегеріліп еді. 2013 жылдың 9 маусымында Президент «Зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заң жобасын кейін қайтарған болатын . Енді 2018-2027 жыл аралығында кезең-кезеңімен артатын болды. Зейнет жасы алты ай сайын қосылып отырады.

Жоғары оқу орнында оқыған уақыт еңбек өтілі де есепке алынады

2014 жылғы қаңтардан бері жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты зейнетақы жарнасы аударылып тұрғанынан хабардарсыздар.

Жалпы міндетті жарнаның мөлшері 10 пайыз. Оның 6 пайызын мемлекеттік сақтандыру қоры аударса, ал 4 пайызы республикалық бюджеттен субсидияланады.

2018 жылы да дәл осылай жалғасын таба бермек. Декреттік демалыста болған 3 жыл еңбек өтіліне есептеледі. Жоғары оқу орнын оқып жүрген сәттер мен әскерде болған кезеңдер де міндетті түрде еңбек өтілі ретінде саналатын болды.

Әйелдер зейнеткерлікке ерте де шыға алады

Бірінші, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар әлеуметтік қорғалады. 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған 45 жастағы әйелдер;

Екінші, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер;

Үшінші, зейнетақы аннуитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтарының жеткілікті 50 жастағы адамдар.

Осы тұста аннуитет дегеніміз не, соған түсінік бере кетелік? Ол – өмірді сақтандыру жөніндегі компанияға салынған тұрақты салымдар. Маржан Жолымбетованың айтуынша, шарт жасасу арқылы ерлер 55 жасқа және әйелдер 50/55 жасқа толғанда зейнетке шыға алады. Бірақ, ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болуы керек.

Ол үшін не істеу керек?

Ерлер мен әйелдердің зейнет жасынан сегіз жыл ертерек шығу жолын мемлекеттік аннуитет компаниясының директоры Әлімжан Ақажанов түсіндірді.

Әйелдер зейнетақы қорындағы есеп шотына 12 млн теңге жинаса, 50 жасында зейнетке шыға алады. Ал, ерлер 9 млн теңге мөлшерінде жинаса, 55 жасында зейнеткер атанады. Егер әйелдер 55 жасында зейнет демалысына шыққысы келген күннің өзінде бастапқы қаржы көп мөлшерде азайтылмаса да, шегеріледі. Елімізде ерлерге қарағанда әйелдер ұзағырақ өмір сүретіндіктен осындай шарт қойылды, – дейді директор.

Мұны естіген жұрт «осындай ақша жинайтын болсам, үй алмаймын ба?» деген сыңайда ойлайтыны анық. Десе де қомақты қаражат табатындарға арналған ұтымды ұсыныс болып тұр.

– Мысалы, ер адам 10 жыл бойы жинаққа қаржысын аударып жүріп, кенеттен қайтыс болды деп алайық. Жинақталған қомақты қаражат мұрагерлеріне беріледі. Келісім-шартта көрсетілген мөлшерге назар аударылады, – дейді Әлімжан Ақажанов.

Өзге елге қоныс аударғанда жинақты бірден шешіп алып кете алмайды

– Қазақстаннан басқа елге көшкісі келетіндерге мемлекеттік аннуитет компаниясында қаржысын сақтандыруға кеңес бермейміз.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жинағын өзімен бірге бірден алып кете алады. Ал сақтандыру компаниясындағы салымдарды тек өзге елге орналасқаннан кейін ғана келісім-шартта көрсетілген мөлшерде жібереміз, – дейді Әлімжан Ақажанов.

БЖЗҚ зейнетақы шотын мына жағдайларда пайдалана аласыздар:

– Зейнет жасына толған уақытта;

– Мерзімсіз I-II топты мүгедек болып қалса;

– Қазақстаннан тыс жерлерге көші-қон аударған жағдайда;

– Зейнетақы аннуитетін иеленген жинақтары жеткілікті болған кезде;

– Егер жазатайым дүниеден өтсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтар мұрагерлік жолмен беріледі, – дейді Маржан Жолымбетова. – Әрбірінің 5 жылдық еңбек өтілі болғанда ғана зейнетақы шоты ашылады. Италияда 20 жыл, Латвияда 10 жылдық өтілге байланысты зейнетақы төлемдерін ала алады. Салыстырып қарағанда біздің елде ұтымдырақ.

Қайта есептеу кезінде қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ

Видео (кликните для воспроизведения).

ЕСКЕРЕР ТҰС: 2017 жылдың 10 қараша күні 58 жасқа толған әйел 31 желтоқсанға дейін құжаттарын әзірлеп үлгеруі керек. 2018 жылдың басында ғана Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына баратын болса, жарты жылдан кейін ғана зейнетке шыға алады.

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңге көлемінде болады. Ал зейнетақының орташа мөлшері – 71 333 теңге. Қайта есептеуді жүргізу үшін зейнеткерлерден қосымша құжат талап етілмейді. Зейнетақы ісіндегі құжаттар және Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай есептеу орталығының ақпараттары жеткілікті екенін айта кеткен жөн.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: http://informburo.kz/kaz/2018-zhyldan-bastap-zeynetay-zhyesne-enetn-zhaalytara-sholu.html

Зейнетақы тарихы

Біз үшін үйреншікті болған көп нәрсе бұрын жабайы болды. Бұл зейнетақыларға толық қатысты.

Қарт азаматтарды өмір бойы асырау үшін әрқашанда төлеген жоқ.

Бұл маңызды істі кім бастады және әлемнің әртүрлі елдерінде бұрын қандай зейнетақы төленді, біз Сізбен сөйлесеміз.

Зейнетақы тарихы. Қызықты деректер

Бірінші, «зейнеткер» сұрағын шешкен Юлия Цезарь болды. Оның қамқорлығындағы қарт легионерлер болды. Императордың жеке қалтасы зейнетақы қоры болды. Дәстүрлі түрде алғашқы зейнетақы азаматтық емес, әскери адамдарға төледі. Бұл өте түсінікті. Өз өмірін Отанын алтарьға салған адам мемлекет тарапынан алғыс айта алады.

Петровскаяда қазынадан тек қана теңіз офицерлері алынған. Петр Бірінші Қарулы Күштердің осы түріне ерекше ықыласты жейді.

Зейнетақылар өзінің бастапқы түрінде награда немесе ерекше құрметке ие болды. Кейін ғана олар халықты әлеуметтік қолдау сипатында болды.

Еуропа-Мемлекеттік зейнетақының бесігі

Мемлекеттік деңгейде зейнетақымен қамсыздандырудың бастамашысы Ленин емес, Сталин емес, германдық канцлер Бисмарк болды. Осыдан бір ғасыр бұрын ол жеке сектор қызметкерлері үшін мемлекеттік зейнетақы енгізді. Зейнеткердің сипаты міндетті болды және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өздерінің салымдарына негізделді. Қарттарды қолдау туралы бақытты ой канцлерге кездейсоқ келді. Прототип өзара көмек қорларының неміс дәстүрі болды. Олар қолөнершілердің жұмыс бірлестіктері мен гильдияларында болды.

Читайте так же:  Как действовать, если арендатор не вносит арендную плату

Германия Жаңа Зеландия мен Дания зейнетақы қолдау жүйесін қабылдады. Ол жеке жарналарға емес, ҚазҰУ-да салық түсімдеріне негізделді. Бұл зейнетақылардың мақсатты аудиториясы кедей адамдар болды. Бастапқыда бұл елдерде теңестіруші болды. Барлық зейнеткерлер алды бірдей сома пропитания.

Бір қызығы, өнеркәсіптік Англияда және отаршылдық Австралияда көп кешірек пайда болды — тек 1908 жылы. АҚШ — та қарттарды қолдау мәселесі кейінірек талқыланды. Канада осындай төлемдерді тек 1927 жылы ғана бастады. Бұл елдерде төлем критерийі мұқтаждықты тексеру болды, ал сақтандыру жарналары мүлдем болған жоқ. Қаржыландырудың барлық ауыртпалығы мемлекетке айналды.

Міндетті зейнетақылық сақтандыру Штаттарында енгізілді 1935 жылы. Жаңа жүйе бойынша алғашқы төлемдер 1940 жылдан басталды.

Еуропалық үкіметтерге зейнетақылық сақтандырудың Герман моделі талғамға сай келді. Оның мәні жұмысқа қабілетті өмір кезеңі аяқталғаннан кейін адамның өмір сүруіне лайықты жағдай жасау болды. Ағылшындар мен скандинавтар, керісінше, австралиялықтар мен датчандықтар арқылы жүрді. Олар үлесіне тиді оларда зейнетақы ыңғайлы құралы ретінде кедейлік деңгейін шектеу

Источник: http://arenazakona.ru/pensii-v-mire-2/zejneta-y-tarihy

Зейнетақы қорының электронды қызметін қалай пайдалануға болады?

Салымшыға мәліметті электронды түрде алуына болады / Фото kapital.kz сайынан алынды

Бірыңғай зейнетақы қоры жұмысын онлайн режимге көшірді. Салымшылар мен алымшылар енді өздері зейнетақы шоттарын бақылай алады.

Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры салымшылар мен алымшылар үшін жаңа қызметтерін ұсына бастады. 2017 жылдан бері енгізіле бастаған бұл жаңа қызмет түрлері әсіресе қаладан шалғай орналасқан елдімекен тұрғындары үшін тиімді.

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер мен электрондық қызметтер жөнінде «БЖЗҚ» АҚ Өңірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету департаментінің директоры Мәмила Мұсабекова айтып берді.

Сонымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға қандай жаңа қызмет түрін ұсынып отыр?

– Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап салымшы үшін онлайн режимде жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасау және өз деректемелеріне өзгеріс енгізу қызметін іске қосқан болатынбыз. Бір жыл толмаса да бұл жағынан біз күткен нәтижеден жоғары көрсеткішке қол жеткіздік.

Жоспар бойынша электронды қызмет түріне жүгіну 47 пайыз болғанмен, оны пайдаланушылар саны 52 пайызға жеткен. Ал 2018 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіш бойынша онлайн режимде 2298 адам зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берсе, 4155 адам жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу тәсілін интернет хабарландыруға ауыстырды, – дейді ол.

Сонымен қатар электронды пошта арқылы 4,7 млн адам қор қызметі туралы ақпарат алып отыр. Мәмила Мұсабекованың айтуынша, электронды жүйеге Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының 60 пайызы, Ақтөбе облысының 56 пайызы, Ақмола облысынан 60 пайызы, Қостанай облысынан 57 пайызы қосылған.

Мобильді агент қызметін кімдер қолдана алады?

Бірыңғай зейнетақы жинақ қоры мүмкіндігі шектеулі салымшылардың жағдайын ескере отырып, оларға мобильді агенттердің қызметін ұсынып отыр.

– Мобильді агенттер – зейнетақы қорының қызметкерлері. Олар қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі салымшының үйіне барып, жеке зейнетақы шотын ашуға немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішін қабылдайды. Ал салымшы қордағы қаржысын үйде есептеп, интернет арқылы шотын бақылай алады, – деді Мәмила Мұсабекова.

Мобильді кеңсе уақытты үнемдейді

– Ал мобильді кеңсе – бұл қордың жылжымалы кеңсесі. Бұл қызмет түрінің айырмашылығы аудан орталығынан шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарының жеке зейнетақы шотын ашуға немесе зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініштерін қабылдауға көмектеседі.

Яғни, дер кезінде құжаттарын рәсімдеуге жасалған мүмкіндік. Бірақ мобильді кеңсе жұмыс уақытын алдын-ала белгілеп, жергілікті халыққа хабардар етеді. Біз әзірге жергілікті әкімшіліктермен бірлесе отырып, осы мәселені қолға алып жатырмыз. Жалпы нақты уақыты белгілі болған кезде жылжымалы кеңсенің жұмыс кестесін зейнетақы қорының сайтынан қарауға болады.

Мобильді кеңседе жасалған келісім шарттар қордан тыс жерде жасалған болып есептеледі. Бұндай келісім шарттың басым бөлігі яғни, 11 пайызы Алматы қаласына тиесілі.

Сонымен қатар бұл қызмет түрін әзірге қала орталығынан қашықта орналасқан кәсіпорындарда жұмыс жасайтын адамдар пайдалануына болады. Оған өндіріс ошақтары көп орналасқан негізгі үш облыс Маңғыстау, Қостанай және Алматы облыстары бірінші кезекте енгізіліп отыр. Кейін басқа облыстарды қамтуды жоспарлап отырмыз.

Қазпошта арқылы салым төлеуге болады

Салымшылар үшін ұсынылғалы отырған тағы бір қызмет түрі – трансфер агенттік қызметін іске қосу. Бұл 2018 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Яғни, зейнетақы қорының бөлімшесі жоқ жерде салымшы мен алымшы Қазпошта арқылы қордың қызметін пайдалана алады.

Әзірге бұл жоба бес мың адамнан асатын тұрғыны бар 24 елді мекенде қызмет көрсете бастайды. Ал жақсы нәтиже көрсетсе, қалған 195 елді мекенге енгізу жоспарланған. Сонымен қатар 2017 жылы зейнетақы қорының 18 бөлімшесінде терминалдар орнатылған. Салымшы терминал қызметін де пайдалануына болады.

Кейбір зейнетақы шоттары жабылған

Нақты тексеру барысында 2015 және 2017 жылдар аралығында ашылып, бүгінгі күнге дейін салым салынбаған зейнетақы шоттары анықталған. Сонымен қатар, соңғы жылда қаржы түспеген шоттар да назарға алынған. Ол үшін арнайы топ ай сайын белгіленген мөлшерлемеде қаржы салынбай жатқан жекелеген салымшылармен жұмыс істейді.

Мәмила Мұсабекованың айтуынша, 2017 жылы әртүрлі себептермен 320 мың шот жабылған. Оның ішінде 36 ай ішінде ешқандай салымның түспеуі 47 мың шоттың жабылуына себеп болған. Ал қалған шоттар біріктірілгендіктен және зейнетақы төленуі себебінен жабылған. Бірақ 396 мың жаңа зейнатықы шоттары ашылған.

Ашық есік күні кеңес алуға болады

– БЗЖҚ халықтың қорға деген сенімінен шығу үшін қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тоқсан сайын ашық есік күні өткізуді қолға алған. Салымшы ашық есік күні зейнетақы жүйесі бойынша өзінің сауалдарына жауап ала алады. Алғаш бұл жүйе іске қосылғанда мыңнан астам адам келсе, 2017 жылдың желтоқсан айында 3 мыңнан астам адам кеңес алу үшін келген. Қазіргі таңда салымшылар арасында қордың жұмысына қызығушылығы артқан, – дейді Мәмила Мұсабекова.

Қоғамдық кеңес

– Қор қызметін ашық жүргізу мақсатында 2017 жылы қоғамдық кеңес құрылған болатын. Кеңес құрамына сараптау қауымдастығы, бұқаралық ақпарат өкілдері және қоғамдық ұйым өкілдері мен салымшылар кіреді. Олар зейнетақы жүйесінің дамуы жайлы талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салады. Кейін бұл ұсыныстар топтастырылып, Ұлттық банк пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданады.

Сонымен қатар қор қызметінің сапасын арттыру үшін 2018-2021 жылға арналған жоспар құрылды. Жоспар бойынша зейнетақы жүйесі біртіндеп халықаралық стандарттарға сай жүйеге көшіріледі, – дейді экономист Мәмила Мұсабекова.

Қордағы ақшаны кімдер бақылайды?

Зейнетақы қорындағы қаржының қайда жұмсалатыны, қайда сақталатыны әрбір салымшыны толғандыратыны шындық. Сондықтан Мәмила Мұсабекова қорда жинақталған қаражатты игеруге қай орган уәкілетті екенін айтып берді.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ҚР Ұлттық банкі сенімгерлікпен басқарады. Ұлттық банк зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы активтерін басқару мен қаржы тізбесі бойынша ұсынысты ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесі атқарады. Оның құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық банк пен Есеп комитетінің төрағалары, қаржы экономикалық блоктың министрлері кіреді, – деп түсіндірді М. Мұсабекова.

Қордағы ақша қайда жұмсалып жатыр?

БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, портфельдегі негізгі үлесті – яғни, 44,89 пайызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары құрайды. Олардың биылғы жылғы құны 112,03 млрд теңгеге өсіп, 3 580,47 млрд теңгені құраған.

Читайте так же:  Суммы вознаграждений суррогатным матерям в россии

Инвестицияланған зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр. Олардың портфельдегі үлесі 15,41 пайыздық көрсеткіште. Бұл облигациялардың ағымдағы құны 1 229,2 млрд теңгені құраған. Мөлшер бойынша үшінші орында – шетел мемлекеттерінің мемлекеттік құнды қағаздарының қаржы тетіктері тұр.

Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2018 жылдың 1 сәуірінде 7,97 млрд теңгені құраған. 2018 жылдың алғашқы үш айы бойынша инвестициялық кірістің мөлшері 66 млрд теңгеге жеткен.

Қордың қаржысы қандай компанияға берілген?

Мәмила Мұсабекованың айтуынша, БЖЗҚ-да жинақталған 220 миллион АҚШ доллары Aviva компаниясының басқаруына берілді. Бұл – ақша есебіндегі зейнетақы қорының активтері. Аталған компания бақылауында 450 млрд АҚШ доллары бар халықаралық деңгейдегі алып ұйымдардың қатарына кіреді.

БЖЗҚ басшылығы қор активтері тек қаржыны басқарудың нақты бағыттары мен барлық ортақ шарттардың орындалу негізінде басқаруға беріледі дейді.

Жинақталған соманы қай кезде шешіп алуға болады?

– Зейнет жасына келген азамат Қазақстаннан тыс жерге көшетін болса, қордағы жинаған қаражатын түгел алуына болады. Ал қайтыс болған жағдайда отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға қордан айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері төленеді. Сонымен қатар мұрагерінің жасына қарамастан қордағы ақша беріледі. Бірақ бұл қаражат жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспауы тиіс.

Сондай-ақ жарна мөлшері – әйелдердің шамамен 13,5 миллион, ерлердің тоғыз миллион теңге жинақталған қаражаты болса, сақтандыруға ауыстыру арқылы ол қаражатты бірден шешіп алуына болады. Бірақ зейнетақы жарнасын қорда сақтаған тиімді. Өйткені кез келген адам қаражатын алған бойда бірден жұмсап тастауы мүмкін. Ал зейнетақы қорында тұрған ақшаға мемлекет кепілдік береді. Сондай-ақ жинаққа күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады, – дейді Мәмила Мұсабекова.

Ерікті зейнетақыға көп көңіл бөлініп отыр

Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деп бөлінетін көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

Бірінші деңгейі (базалық) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (республикалық бюджет);

Екінші деңгей (міндетті) – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ынтымақты жүйеден (республикалық бюджет) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақылар;

Үшінші деңгей (ерікті) – ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.

Қазіргі уақытта базалық зейнетақы төлемінің мөлшері барлық алушылар үшін бірдей және 15 274 теңге құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар екі миллион адам.

Сондықтан ерікті зейнетақы жарнасын төлеуді халық арасында насихаттап отыр.

– Әр бала үшін анасына үш жыл еңбек өтілі есептеледі. Бірақ мүлдем жұмыс жасамайтын аналар ертеңгі күнін бағамдап, ерікті түрде ай сайын жарна төлегені дұрыс. Егер ерікті жарна төлеуші ай сайын емес, жылына алты рет қана жарна аударса, жарты жыл еңбек өтілі болып есептеледі. Ал мүлдем жарна төлемегендер ең төменгі күнкөріс деңгейіне сай зейнетақы алады. 24 459 теңге болса, 2018-ден бастап 28 284 теңге болады. Бұл жердегі 28 284 теңгенің 46% 15 273 теңге болып шығады, – деді Мәмила Мұсабекова.

Электронды цифрлы қолтаңбаны қалай алуға болады?

ЭЦҚ алу үшін Қазақстан республикасы Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz сайтына кіру керек. Аталған орталық жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ берумен айналысады. Ол үшін мынадай қадамдар жасау қажет:

Бірінші қадам. Цифрлы қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.

Екінші қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз деректеріңіз бен ЖСН толтырған соң, тапсырысыңызға нөмір белгілінеді. Оны Халыққа қызмет көрету орталығына апарып тіркету қажет.

Үшінші қадам. ХҚКО -на қажетті құжаттарды апару.(жеке куәлік, тапсырыс нөмірі мен тапсырыс берушінің қолы бар өтініш)

Төртінші қадам. Сайттағы деректер өңделгеннен кейін екі күн ішінде on-line тапсырыста жазылған электронды поштаға сертификаттар келеді.

Электронды цифрлы қолтаңба не үшін қажет?

Сандар жиынтығынан құрылған қолтаңба арқылы үйде отырып, мемлекеттік органдардан анықтама алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға (егер заңды тұлға болсаңыз), белгілі бір мемлекеттік органға шағымдануға болады (виртуалды қабылдау).

Зейнетақы жарнасын төлеуде Алматы қаласы көш бастап тұр

Республика бойынша міндетті зейнетақы жарнасының басым бөлігі Алматы қаласы тұрғындарына тиесілі болып тұр. Яғни, барлық республика бойынша жарнаның 20 пайызын Алматы қаласының тұрғындары төлейді. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан 10,5 пайызын, яғни, жиналған қаражаттың 6,7 пайызын, Қарағанды облысында барлық қаражаттың 9 пайызын төлеп отыр.

Зейнет жасына жеткен адамдар биыл шілдеден бастап құжаттарын бір ғана мекемеге тапсырады

Қазақстан азаматтарына төрт түрлі зейнетақы тағайындалған. Алайда зейнетақы құжаттарын дайындау үшін жеке тұлға бірнеше мем мекемелердің табалдырын тоздыратын. Енді бұл қиындықтан құтылды. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мадина Абылқасымова шілде айының бірінен бастап, құжат өткізу тəртібінің жеңілдетілгенін мəлімдеді.

«Зейнет жасына жеткендер зейнетақы тағайындатуға құжаттарын 1 шілдеден бастап бір ғана мемлекеттік корпорацияға тапсыратын болады. Ол үшін бірнеше құжаттар тізімі мен өтініш беру жеткілікті. Ал мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйесі автоматты түрде іске қосылады. Сонымен қатар зейнетақы мөлшері автоматты түрде есептеліп, жеке тұлғаның зейнетақы шотына аударылады» делінген informburo.kz-те жарияланған ақпаратта.

Аталған министрліктің берген мəліметіне қарағанда, зейнетақы жүйесіне енгізілген жаңа қызмет түрі Қазақстан азаматтарының 70 пайызын қамтиды.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: http://informburo.kz/kaz/zeynetay-oryny-elektrondy-yzmetn-alay-paydalanua-bolady.html

Зейнетақы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 16:56, реферат

Краткое описание

Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады

Содержание

Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.
2.2. Жасына байланысты зейнетақының түрлері.
2.3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.
2.4. Еңбек зейнетақыларының түсінігі.
2.5. Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері.
2.6. Зейнетақыны төлеуді тоқтата тұру.
2.7. Зейнетақыны ұстап қалу.
2.8. Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

реферат инкар.docx

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.

2.2. Жасына байланысты зейнетақының түрлері.

2.3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.

2.4. Еңбек зейнетақыларының түсінігі.

2.5. Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері.

2.6. Зейнетақыны төлеуді тоқтата тұру.

2.7. Зейнетақыны ұстап қалу.

2.8. Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату.

Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады.

Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады.Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.

Читайте так же:  Оплата транспортного налога на машину в 150 лошадей

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген.

Қазақстан қоғамдық қатынастар өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыздандыру моделін таңдауды жүзеге асырды. Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру және халықаралық институттардың ұсынымдарын есепке ала отырып жасалды.

Чили тәжірибесіне негізделген қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу скандинавиялық (Швеция, Дания, Норвегия) модельге үйлеседі. Сақтандырудың болуы және тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қыз­меткерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі консервативтік-корпоративтік (Германия, Франция, Италия) және либералды (АҚШ, Канада, Ұлыбритания) модельдерге сәйкес келеді.

Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.

Жасына байланысты зейнетақылар КСРО-да 20-жылдың соңында енгізілді. Дәл осы уақыттан бастап белгілі бір жасқа толу тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары үшін, ал содан кейін халық шаруашылық барлық жұмысшылары мен қызметкерлері үшін зейнетақылық қамсыздандырудың дербес негізіне айналды.

Жасына байланысты зейнетақының түрлері.

Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.

Орталықтан жасына байланысты зейнетақылар толық көлемде келесідей жасқа толған кезде және келесідей жағдайлар болған жағдайда тағайындалады:1) 1998ж 1 қаңтардан бастап- еркектерге 61 жасқа толғанда, кемінде 25 ж еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56 ж толғанда кемінде 20ж еңбек стажы болғанда;2) 1998ж 1 шілдеден бастап- еркектерге 61,5 толғанда кемінде 25 ж еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56,5 жасқа толғанда, кемінде

20 ж еңбек стажы болғанды; 3) 1999 ж 1 шілдеден бастап-еркектерге 62ж толғанда, кемінде 25 ж еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда; 4) 2000 ж 1 шілдеден бастап-еркектерге 62,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл стажы болғанда; әйелдерге 57,5 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда; 5) 2001 ж 1 шілдеден бастап- еркектерге 63 ж толғанда, кемінде 25 ж еңбек стажы болғанда; әйелдерге 58 ж толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері жоғарыда аталған азаматтардың 1997 ж 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады. Байқап отырғанымыздай, әлеуметтік қорғау құқығы еркектер мен әйелдер үшін зейнетақы жасы мен еңбек стажының болуын түрліше көздеген. Бұл айырмашылық 5 жылды құрайды. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу. Орталықтан төлненетін зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Орталықтан төленетін зенетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 ж 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

Еңбек зейнетақыларының түсінігі.

Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері.

Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептелінеді. Еңбек зейнетақысы зейнетақының көрсетілген түріне өтініш берген күнен бастап, бірақ ол осы зейнетақыны алуға құқық туындағаннан соң ғана тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі. Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері. Еңбек зейнетақылары келесі мерзімдерге тағайындалады: 1.Жасына байланысты еңбек зейнетақысы – өмір бойына; 2.Мүгедектігіне байланысты еңбек зейнетақысы – мүгедек деп тану мерзіміне; 3. Асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысы – бұл зейнетақыны алушы еңбекке жарамсыз болған бүкіл кезеңге.

Зейнетақыны төлеуді тоқтата тұру.

Зейнетақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтатыла тұрады: 1) Егер зейнеткер зейнетақыны қатарынан алты ай алмаса – зейнетақыны алмаған бүкіл кезеңге аталған мерзім өткен айдан кейінгі айдың 1 – күнінен бастап; 2) Егер мүгедек белгіленген мерзімде қайта куәландырудан өтуге келмесе – зейнетақыны төлеу тоқтатылады, ал бұл тұлғаны қайтадан мүгедек деп таныған жағдайда зейнетақы тоқтатылған күннен бастап, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге төленеді.Қайта куәландырудан өту мерзімдерін себепті жағдайлармен өткізіп алған жағдайда, зейнетақыны төлеу қайта куәландырудан өту күнінен бастап, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге төленеді. Егер мүгедекке зейнетақы төлеу еңбекке қабілетінің қалпына келуіне немесе қайта куәландыруға себепсіз жағдайлармен келмеуіне байланысты тоқтатылса, онда кейін бұл тұлғаны мүгедек деп таныған жағдайда, зейнетақыны төлеуді тоқтатқан күннен 5 жыл уақыт аспаса, зейнетақы төлеу мүгедекті белгілеген күннен бастап қалпына келтіріледі. Егер 5 жыл уақыт асып кетсе, онда зейнетақы жалпы негіздер бойынша тағайындалады.

Зейнетақыны ұстап қалу.

Зейнетақыдан ұстап қалу тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай – ақ сотталғандардан, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиіс сомадан жасалады. Бұл ретте зейнетақыдан ұстап қалудың шектері белгіленген. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды. Зейнетақыдан ұстап қалу мыналарға бағытталуы мүмкін: отбасы мүшелерін бағуға (алименттер), кәсіпорынның немесе ұйымның мүлкін ұрлағаннан келтірілген зияндарды өтеуге, артық алынған жалақыны қайтаруға және т.б. Басқаша зейнетақыдан ұстап қалуға жол берілмейді.

Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату.

Еңбек зейнетақысын төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады: 1) Зейнеткер қайтыс болған жағдайда, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша оны қайтыс болды немесе хабар — ошарсыз кетті деп жариялаған жағдайда – зейнеткер қайтыс болған немесе оны қайтыс болды, не хабар – ошарсыз кетті деп жариялау туралы шешім күшіне енген айдан кейінгі айдын 1 – күнінен бастап; 2)Зейнеткер өзіне тағайындалған еңбек зейнетақысын алу құқығын жоғалтқан жағдайда, аталған зейнетақыны алу үшін ұсынылған мәліметтердің шынайылығын жоққа шығарған мән – жайлар немесе құжаттар табылған жайдайда – мән – жайлар немесе құжаттар табылған айдан кейінгі айдын 1 – күнінен бастап; ,3)Тұлғаны мүгедек деп танудың мерзімі өткен жағдайда; 4) Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алушы тұлғаның еңбекке қабілетті болуы – еңбекке қабілеттілік туындаған айдан кейінгі айдың 1 – күнінен бастап; 5)Қайтыс болған асыраушы тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларына, аға- інілеріне, апа-қарындастарына немесе немерелеріне күтім жасауына байланысты асыраушысынан айырылуы жөніндегі зейнетақы алуға құқылы тұлғалардың жұмысқа орналасуы; 6) Қайтыс болған асыраушының балалары 18 жасқа толған соң, оқитындары – 23-жасқа толған соң – кәмелеттік жасқа немесе 23 жасқа толған айдан кейінгі айдың 1 – күнінен бастап.

Видео (кликните для воспроизведения).

Источник: http://www.myunivercity.ru/%D0%9C%D1%83%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BF%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B5_%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%BE/%D0%97%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0%D1%8B/71028_1448754_%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B01.html

Зейнетақы тарихы
Оценка 5 проголосовавших: 1

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here